Мемлекеттік бюджет 6 триллионнан астам теңгеге толықты

743

Мемлекеттік бюджет 6 триллионнан астам теңгеге толықты

Мемлекеттік кірістер комитеті бюджетке алты триллион отыз бір миллиард теңгенің түсімін қамтамасыз етті. 2016 жылмен салыстырғанда кірістердің өсімі 466 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев мәлім етті, деп хабарлайды ortcom.kz.

Ардақ Теңгебаевтың айтуынша, түсімнің 4,5 триллион теңгесі салықтық төлемдер бойынша, ал 1,5 триллион теңге кедендік төлемдер бойынша қамтамасыз етілген.

"2017 жылы біз ҚР бас прокуратурасымен және "Атамекен" ҰКП-мен бизнеске жасалатын қысымды барынша азайтып және оны заңсыз қылмыстық қудалауға апаруға жол бермеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргіздік. Бұл орайда біз ең алдымен тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдірік. Комитеттің ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді пайдалана отырып, кәсіпкерлердің қызметіне қашықтықтан мониторинг жасауға көштік", – дейді МКК төрағасы.

Осының нәтижесінде салықтық және кедендік тексерулердің жартысы қысқарып, өткен жылы 72 мың тексеру жүргізілген болса, биыл 37 мың тексеру жүргізілген.
Салықтық тексерулер бойынша бюджет есебіне 87,6 млрд теңге өндіріп алынған. Ол көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға өскен. Кедендік тексерулер бойынша бюджетке 3,8 млрд теңге өндіріліп алынған. Бұл бойынша бір тексеруге кеткен өндірудің тиімділігі жағынан 13%-ға жоғарылаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу