Мемлекеттік бюджет кірісінің 71 пайызы салықтан түседі

860

Сегіз ай ішінде еліміздің мемлекеттік бюджетіне 11 триллион 4 миллиард теңге түскен.  

 Мемлекеттік бюджет кірісінің 71 пайызы салықтан түседі

Осылайша кіріс өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға артқан. Бұл соманың 71 пайызы - салық түсімдері, демек мемлекет ақшасының басым бөлігі, салықтан жиналады деуге негіз бар. 

Оның ішінде табыс салығы есебінен 3,1 триллион теңге болса, тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге салынатын салықтар есебінен -2,9 триллион теңге пайда көріп отырмыз. Сонымен қоса халықаралық сауда және сыртқы операциялар салығынан 1,2 триллион, әлеуметтік салықтан шамамен 570 миллиард және меншік салығынан 255 миллиардқа жуық қаражат жиналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу