Мемлекеттік бюджет шығыны артты

1521

Өткен жылы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 3,5 трлн теңге бөлінген.

Мемлекеттік бюджет шығыны артты

2019 жылы мемлекеттік бюждет шығыны 19,3%-ға артып, 13,5 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады Finprom.kz.

2018 жылдың сәйкес кезеңінде бюждет шығыны 9,1%-ға төмендеп, 11,3 трлн теңгені құраған болатын.

Мемлекетттік бюджеттің соңғы бес жылдағы орташа жылдық өсімі 12,6%-ға тұрақтаған. Ең жоғары көрсеткіш 2017 жылы  (жыл бойы+32,3%) тіркелген.

Сонымен қатар шығындардың  25,6%-ы, яғни  3,5 трлн теңге әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінген.

Ал білім беру мен денсаулық сақтау салаларына 2,3 трлн және 1,3 трлн теңге қарастырылған. 2019 жылы аталған секторлардың шығыны 16,1%-ға артқан.

Мемлекеттік бюджеттен ең көп қаржы бөлінген бағыттардың бестігін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы (913,7 млрд теңге), көлік және коммуникация (893,6 млрд теңге) салалары қорытындылайды.

Бұдан бөлек өндіріс, сәулет, құрылыс салаларына бөлінген бюджет қаржысы 35,9 млрд теңгеден  69,6 млрд теңгеге артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу