Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,6%-ға орындалды – Қаржы министрі

289

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 7,7 трлн теңгені құрады.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,6%-ға орындалды – Қаржы министрі Фото: inbusiness.kz

Ал республикалық бюджет шығыстары 99,3%-ға, жергілікті бюджет шығыстары 98,3%-ға орындалған. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Республикалық бюджет 14,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізді. Атқарылмау 107 млрд теңгені құрап, оның ішінде 21 млрд теңге үнемделді. 86 млрд теңге игерілмеді. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, туризм және спорт, сондай-ақ ішкі істер министрліктерінде қалыптасты", - деді министр.

Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, игерілмеудің негізгі себептеріне конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу, шарттар мен қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу, шот-фактуралармен атқарылған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау жатады.

"Жергілікті бюджеттердің шығыстары 7,7 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 131 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 990 млрд теңге бөлініп, оның 96,8%-ы игерілген. Атқарылмағаны – 32 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге үнемделсе, 31 млрд теңге игерілмеді", - деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.

Ең көп игерілмеу Астана қаласында, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында қалыптасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу