Мемлекеттік бюджет шығысы 40%-ға өскен

626

Бұл – тек сәуір айындағы көрсеткіш.  

Мемлекеттік бюджет шығысы 40%-ға өскен

Наурызбен салыстырғанда өткен айда қорғаныс пен қарыз бойынша пайызды төлеуге көбірек қаражат кеткен. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады. 

2020 жылдың қаңтар және сәуір айларында мемлекеттік бюджет шығысы 4,7 трлн теңгеге жеткен. Бұл былтырғы көрсеткіштен 23,5%-ға көп деген сөз. Алдыңғы айда 1,5 трлн теңге, наурызда 1,04 трлн теңге жұмсалған. Яғни шығындалған қаражат көлемі бір айда 40,5%-ға артқан. Соңғы төрт айда мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржының басым бөлігі, яғни 28,1%-ы немесе 1,3 трлн теңге әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған. 19,4%-ы немесе 910,3 млрд теңге білім беру саласына құйылған. 12,5%-ы немесе 585,4 млрд теңге денсаулық сақтау саласына жұмсалған.

Бір айда қорғаныс саласына бөлінген қаражат көлемі 3,5 есе өскен. Сәуірде 100,75 млрд теңге, наурызда 28,54 млрд теңге жұмсалды. Борыш бойынша пайызды төлеуге арналған қаржы мөлшері 3,2 есе артты. Өткен айда 85,9 млрд теңге бөлінген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу