Мемлекеттік бюджетке 18,2 трлн теңге кіріс түсті

468

Республикалық бюджетке түскен қаражат сомасы 12,6 трлн теңгені құрап отыр.

Мемлекеттік бюджетке 18,2 трлн теңге кіріс түсті Фото: inbusiness.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 11 ай ішінде мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекеттік бюджетке түскен кірістердің сомасы 18,2 трлн теңгені құрады,  жоспар 98,6%-ға орындалды. Республикалық бюджетке 12,6 трлн теңгеге жуық қаражат түсті, жоспар 94,4%-ға орындалды. Жоспардың орындалмауы негізінен салықтарға тиесілі. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығы, импортқа салынатын қосылған құн салығы, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы есебінен қалыптасты", - деді министр.

Ведомство басшысы импортқа салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмау себептерін атап өтті. Бұған тауарлардың жекелеген топтары бойынша импорт көлемінің төмендеуі, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импорт көлемінің 9%-ға азаюы ықпал еткен.

"Жергілікті бюджеттердің кірістері 109,2%-ға атқарылды және 5,7 трлн теңгені құрады. Жоспар 478 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 425 млрд теңгеге асыра орындалды. Алматы облысынан басқа барлық өңірде кірістер бойынша жоспарлар асыра орындалды", - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу