Мемлекеттік бюджетке 20,2 трлн теңге кіріс түсті – Мәди Тәкиев

470

Бұл жоспар 98,5%-ға орындалып отыр.

Мемлекеттік бюджетке 20,2 трлн теңге кіріс түсті – Мәди Тәкиев Фото: Үкімет

Қаржы министрі Мәди Тәкиев биылғы тоғыз айдың көрсеткіші бойынша мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Трансферттерді есепке алмағанда, мемлекеттік бюджеттің кірістері 20,2 трлн теңгені құрап, жоспар 98,5%-ға орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 16,3%-ға жетіп, 2,8 трлн теңгені құрады. Бұл ретте өткен жылмен салыстырғанда салық түсімдері 3 трлн теңгеге артып, жалпы өсім қарқыны 130,3%-ды құрады", – деді министр Үкімет отырысында.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, республикалық бюджет кірістері 2,7 трлн теңгені құрап, шамамен 26%-ға артқан. Түсімдердің өсіміне экспорттық тауарлардың әлемдік бағасы, сауда айналымының өсімі және салық мөлшерлемесінің өзгеруі әсер етті. 

Айта кету керек, бұған дейін жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу