Мемлекеттік бюджеттің кірісі 35%-ға өсті

626

Табыстың 71%-ын салық түсімдері құрады.  

Мемлекеттік бюджеттің кірісі 35%-ға өсті

Осы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша еліміздің мемлекеттік бюджетіне 11,4 трлн теңге түсті. Бұл былтырғыға қарағанда 35,4%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Табыстың басым бөлігі – салық түсімдері. Оның ішінде табыс салығы есебінен – 3,1 трлн теңге, тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге ішкі салықтар есебінен – 2,9 трлн теңге, халықаралық сауда және сыртқы операцияларға салынатын салықтар есебінен – 1,2 трлн теңге, әлеуметтік салық есебінен – 567,7 млрд теңге, меншік салығы есебінен – 254,5 млрд теңге түсті.

Салықтық емес түсімдер бір жылда 22,6%-ға өсті.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 127,7 млрд теңгеге жеткен.

Бұдан бөлек трансферттер түсімдері де бір жылда 13,6%-ға артқан.

Мүлік салығы 177,5 млрд теңгені құрады.  Аталмыш салықтың барлық меншік салығындағы үлесі 69,7%-ды құрады. Меншік салығының қалған бөлігі көлік құралдарына салынатын салықтан, жер салығынан, бірыңғай жер салығынан тұрды.

Сонымен қатар Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес 2021 жылғы кезең үшін 1,8 млн-ға жуық меншік иесі 7,1 млрд теңге сомасына мүлік салығын төлемеген.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу