Мемлекеттік бюджеттің кірісі 610 млрд теңгеге кем болды

659

Екінші деңгейлі банктердің түсімі 9 млрд теңгеге азайды. 

Мемлекеттік бюджеттің кірісі 610 млрд теңгеге кем болды

8 айдың қорытындысында мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 95,5% атқарылды. Республикалық бюджетке 3 трлн 455 млрд теңге түсті немесе жоспар 85% орындалды. Кіріс бойынша жоспардың атқарылмауы 610 млрд теңгені құрады. Негізгі атқарылмау сомалары қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығына тиесілі. Бұл қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың үкімет отырысында сөйлеген сөзі. 

Министрдің мәлімдеуінше, корпоративтік табыс салығының атқарылмауына бірнеше фактор әсер етті: негізгі экспорттық позициялар бойынша бағаның орта есеппен 14,4% құлдырауы; 854 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлем сомасының өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 229,2 млрд теңгеге төмендеуі және екінші деңгейлі банк түсімінің 9 млрд теңгеге азаюы. 

"Қосылған құн салығы бойынша жоспардың атқарылмауына өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда ҚҚС қайтарудың 63,4% немесе 201,8 млрд теңгеге өсуі; "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйе деректері бойынша сату айналымдарының 11,6% азаюы. Негізгі төмендеу тау-кен өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар 2019 жылғы кезеңмен салыстырғанда 33,2% немесе 3,9 трлн теңгеге азайған; Карантин режимінің енгізілуіне байланысты іскерлік белсенділік төмендеп, шамамен 20,6 мың салық төлеуші төлемдерін 265 млрд теңгеге төмендетті; 2019 жылғы 7 аймен салыстырғанда Қазақстанның үшінші елдермен тауар айналымының 10,5%, Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен 2019 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 11% төмендеуі себеп болды", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу