Мемлекеттік бюджеттің кірісі бір жылда 12,8 трлн теңгені құрады

1671

Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 2 трлн-ға артық. Кірістің 72%-ы салықтан түскен. 

Мемлекеттік бюджеттің кірісі бір жылда 12,8 трлн теңгені құрады

2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында мемлекет бюджетіне түскен кіріс 12,8 трлн теңге болды, деп хабарлайды Finprom.kz.

Көрсеткіш бір жылда 18%-ға артқан. 2018 жылдың тап осындай кезеңінде мемлекеттік бюджеттің кірісі 10,8 трлн теңге болып, 2017 жылға қарағанда 6,6%-ға төмендеген.   

Соңғы бес жылда мемлекеттік бюджет түсімі орташа есеппен жылына 12,4%-ға өседі.  

2019 жылы мемлекеттік бюджеттің трансфертті есепке алмағандағы кірісі 9,7 трлн теңге болған.  

Кірістің барлық бағыт бойынша өскені байқалады. Оның ішінде мемлекетітк бюджетке түсетін кірістің басым бөлігі салықтан келіп отыр. Яғни былтырғы жылы 72,2% немесе 9,2 трлн теңге салық түсіп, жылдық өсім 16,8%-ға жеткен. Оның ішінде 2,7 трлн теңге қосалқы құн салығын салынған салықтан түскен, ал корпоративтік табыс салығынан түскен түсім 2 трлн теңге.

Мемлекеттік бюджет кірісінің 24,1%-ы трансферттер есебінен толыққан. Салықтық емес түсімдер  56,9% -ға өсіп, 354,5 млрд теңге болған. Негізгі капиталды сатудан түскен түсім 117,5 млрд теңге болып, бір жылда 27%-ға артқан. 

2019 жылы трансферттер түсімі 3,1 трлн теңге болып, 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18,1%-ға өскен. Былтырғы жылы трансферттерден түскен түсім соңғы жылдардағы екінші көрсеткіш, ең көп сома 2017 жылы 4,4 трлн теңге болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу