Елімізде мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындыларының тізбесі бекітілуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.
Тізімде 11 өнер туындысының атауы көрсетілген:
- 100 жылдан асқан картиналар, суреттер мен пастельдер;
- 100 жылдан асқан мозаикалар;
- Қолмен боялған немесе безендірілген басқа да дайын бұйымдар, коллаждар және 100 жылдан асқан ұқсас сәндік бейнелер;
- Картиналар, суреттер және пастельдер, басқалар;
- Мозаикалар, басқалар;
- Қолмен боялған немесе безендірілген басқа да дайын бұйымдар, коллаждар және ұқсас сәндік бейнелер, басқалар;
- 100 жылдан асқан гравюралардың, басылымдардың және литографтардың түпнұсқалары;
- Гравюралардың, басылымдардың және литографтардың түпнұсқалары, басқалар;
- 100 жылдан асқан кез-келген материалдан жасалған мүсіндер мен мүсіншелердің түпнұсқалары;
- Кез-келген материалдан жасалған мүсіндер мен мүсіншелердің түпнұсқалары, басқалар;
- Археология, этнография немесе тарих бойынша коллекциялар мен коллекциялық жиынтықтар.
Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталына жарияланды.
Құжатты жария талқылау 15 ақпанға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу