Мемлекеттік грант саны 75 мыңға жетеді

828

Жоғары білім берудің сапасын арттыру бірнеше бағытты қамтиды. Бұл туралы үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік грант саны 75 мыңға жетеді

Министрдің мәлімдеуінше, оңтайлы басқару жүйесі, академиялық саясат, білім бағдарламаларының сапасы, қолжетімді қаржыландыру, кәсіби оқытушылар құрамы мен академиялық адалдық принципі және сапаны қамтамасыз етудің тиімді жүйесі жоғары білімнің әлеуетін арттырады. 

"Еліміздегі 122 университеттің жартысы жекемешік ұйым. Бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде 600 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Қазақстанның 14 жоғары оқу орны Дүниежүзілік ең үздік университеттер рейтингінде", – деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары грант саны 2 есеге жуық өсті. 2025 жылға қарай мемлекеттік грант саны 75 мыңға жетеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында студенттердің стипендиясы 2025 жылға қарай тағы 2 есе, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есе өседі", – деді Асхат Аймағамбетов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу