Мемлекеттік қарыз 20,6 трлн теңге

1686

Мемлекеттік қарыздың 80%-ы үкіметтік борыш. 

Мемлекеттік қарыз 20,6 трлн теңге

2021 жылы еліміздің мемлекеттік қарызы 20,6 триллион теңге болды. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"2021 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қарыз 20,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге 29,6%. Бұл белгіленген лимиттен 50% аспайды. Мемлекеттік қарыз құрылымындағы борыштың 80%-ы үкіметтікі: 16,7 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге 23,9%", деді ол Қаржы министрлігінің алқа отырысында. 

Оның айтуынша, 2020 жылы республикалық бюджет тапшылығы 2,2 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге 3,1% болған.

"Өткен жылы 3 трлн теңгеге қарыз алынды. Оның ішінде ішкі нарыққа тартылған қарыздың көлемі – 2,8 трлн теңге. Алайда бұрын алынған қарыздарды өтеу керегі ескерілді. Ең төменгі валюталық тәуекелді, тартымды мөлшерлемені, сондай-ақ ішкі нарықтың шектеулі ресурстарын ескере отырып, 223 миллиард теңгеге рубль облигациясы шығарылды",  деді министр.

Айта кетейік, осыған дейін Қаржы министрі 2020 жылы мемлекеттік бюджетке қанша кіріс түскенін айтқан еді.
 

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу