Мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге 3 жылда 5,8 млрд теңге жұмсалады

448

Үкімет мемлекеттік қарызға қызмет көрсету үшін 3 жылда 5 трлн 800 млрд теңге жұмсамақ. 

Мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге 3 жылда 5,8 млрд теңге жұмсалады Фото: Baribar.kz

Бұл сома Қаржы министрлігі жариялаған бұйрық жобасында көрсетілген. Жалпы Үкіметтік қарыз жылдан жылға ұлғайып барады. Сәйкесінше оны өтеу мен қызмет көрсету шығындары да артуда.

Мәселен былтыр мемлекеттік борышқа қызмет көрсету үшін ел бюджетінен 1 трлн 200 млрд теңге жұмсалса, осы жылдан бастап төлемдер айтарлықтай артады. 2023 жылы 1 трлн 700 млрд, 24-ші жылы  1 трлн 900 млрд болады. Ал 25-ші жылы шығындар 2 трлн 100 млрд теңгеге жетпек. 

Қарашадағы дерек бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызы ЖІӨ-нің 24 пайызын құрап, 23 трлн теңгеден асқан. Жоғарғы аудиторлық палатаның болжамына сенсек, бұл қарқынмен 2050 жылға қарай Үкіметтік борыш ЖІӨ-нің 45 пайызын алуы мүмкін.

Сондай-ақ биыл бюджет тапшылығын қаржыландыруға 5,7 трлн теңге тартылмақ. Келесі жылы  5,9 трлн теңге, ал 25-ші жылы дефициттің орнын толтыру үшін 6,6 трлн қажет болады. Тапшылық ішкі және сыртқы қарыз есебінен өтелмек. Оның сомасы экрандағы кестеде көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу