Мемлекеттік кеңесші Ұлттық кітап күніне арналған іс-шараға қатысты

150

Президент былтыр Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен отырысында елімізде кітап оқу мәдениетін орнықтыру үшін Ұлттық кітап күнін белгілеуді ұсынған болатын. 

Мемлекеттік кеңесші Ұлттық кітап күніне арналған іс-шараға қатысты Фото: akorda.kz

Ерлан Қарин Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында төл әдебиетіміздегі 100 таңдаулы кітапты айқындауға арналған жалпыұлттық сауалнаманың таныстырылымына қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Биыл бұл мереке Қазақстанда алғаш рет аталып өтіп отыр.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былтыр Ұлттық құрылтайдың отырысында "Ұлттық кітап күнін" белгілеу идеясын қолдады. Президент "Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек" деп айтқан еді. Бүгін біз алғаш рет "Ұлттық кітап күнін" атап өтіп отырмыз. Осынау айтулы күні Ұлттық құрылтай мүшелерінің бастамасымен төл әдебиетіміздегі 100 таңдаулы кітапты айқындауға арналған жалпыұлттық сауалнама басталды. Бұл тізім кітап оқуға деген қызығушылықты арттырады және әдебиетімізді дамытуға ықпал етеді деп ойлаймын, – деді Ерлан Қарин.

Жобаның басты мақсаты – еліміздің әдеби мұрасын сақтау және дамыту, Қазақстан жазушыларының шығармаларын дәріптеу, халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және баспа ісін қолдау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу