Мемлекеттік кірістер комитеті жалған шот-фактура жазушыларды анықтауға кірісті

479

2020 жылдан бастап комитет салық төлеуден жалтарған 4,7 мың заңды тұлғаны анықтаған.  

Мемлекеттік кірістер комитеті жалған шот-фактура жазушыларды анықтауға кірісті Фото: azattyq-ruhy.kz

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов жалған мәмілелер мен қолма-қол ақша схемаларына қатысатын қауіпті компанияларды жедел анықтау бойынша іс-шара жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Оның дерегінше, электронды шот-фактура жазып беруді шектеу бойынша пилоттық жоба аясында 7,5 трлн теңге болатын жалған мәмілелерге 9 мың қатысушының қызметі анықталды және шектелді. Осы тұлғаларға қатысты жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша 687 сотқа дейінгі іс қозғалды.

"Тұтастай алғанда комитет 2020 жылдан бастап салық төлеуден жалтару схемаларын анықтау шеңберінде жалған айналым сомасы 1,2 трлн теңге болатын 4,7 мың заңды тұлғаны анықтады, олар бойынша кейін тіркелуі жарамсыз деп танылған "жалған" тұлғаларға ресімделді", - дейді Данияр Жанәлінов.

Сонымен қатар, сенімсіз компаниялардың контрагенттерін сатып алушыларды әкімшілендіру шеңберінде айналым сомасы 609 млрд теңгеге 5 482 мәміле жарамсыз деп танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу