Мемлекеттік қызметкерлер есепшоттарына түскен ақшаны 7 күнде бюджетке қайтаруы керек

564

Күтпеген жерден келген ақшаны жұмсауға болмайды.  

Мемлекеттік қызметкерлер есепшоттарына түскен ақшаны 7 күнде  бюджетке қайтаруы керек

Сөз мемлекеттік орган басшысының немесе қызметкерінің есепшотына сыйлық түрінде түскен ақшаға қатысты болып отыр. 

Мәжілісте "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы танысытырылғанда депутат Мейрам Пішембаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтен жоғарыдағы құжаттың 12-бабындағы қызметкерлерге немесе олардың отбасы мүшелеріне хабардар етілмей келіп түскен сыйлықты күнтізбелік 7 күн ішінде мемлекеттік мүліктерді басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беру көзделген деген норманы түсіндіріп беруді сұрады. 

"Мемлекеттік органның басшысы, қызметкері немесе олардың отбасы мүшелері есешотына түскен сыйлық туралы хабардар болмаса не істеуі керек?" –  деді депутат

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары бұл норма қолданыстағы заңнамада бұрыннан бар екенін және түзету ретінде енгізілмегенін айтты. 

"Расында да, мемлекеттік қызметші не оның отбасы мүшелерінің есепшотына ақша аударымы түссе, онда олар оны білмеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда 7 күннің ішінде бұл ақша мемлекеттік бюджетке аударылуға тиіс", – деді Олжас Бектенов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу