banner

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы атқарған жұмысына қарай белгіленеді

1105

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы атқарған жұмысына қарай белгіленеді

Астана қаласының мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің еңбекақысы атқарған жұмыстарына қарай бағаланатын болды, деп хабарайлы елорда инфо.
"Астана – адалдық алаңы" жобасы аясында мемлекеттік және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің еңбек ақысын көтеру тәжірибесін қолдануға кірісті. 
"Төмен жалақы сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін негізгі факторларының бірі болып табылады", – деді тұсаукесер рәсімінде жоба жетекшісі Жазира Жылқышиева. 
Оның айтуынша, басшылардың жалақысымен олардың  бюджеттік қаражатты игеру жауапкершілігін ешбір салыстыруға келмейді. Мәселен, облыстық басқарма басшысы 200 мың теңге кемінде жалақымен 3 миллиардтан астам теңге игеруді көздейтін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады. 
Басқа мысал: өңірлік деңгейдегі қызметші лауазымдық еңбекақысы 54 мың теңге болса, тексеру жүргізу кезінде 1 млн теңгеден (500 АЕК) асатын өлшемдерде айыппұл салуға уәкілетті. Басқаша айтқанда, тәуекелді лауазымдар тізбесі бар, олар ерекше көзқарасты талап етеді. 
Жазира Жылқышиеваның айтуынша, мұндай лауазымдардың тізілімін қалыптастыру қажеттілігі туралы бірнеше рет айтылған. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру бойынша факторлық-баллдық шәкіл пилоттық жоба ретінде агенттіктің,  әділет министрлігінің,  Маңғыстау облысы және Астана қаласы әкімдіктерінде  енгізіліп отыр. Мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақыны жетілдіру бойынша жоба кеңсесі талдау жүргізіліп, ұсынымдар әзірлейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу