Мемлекеттік қызметкерлерге смартфондарды пайдалануға рұқсат етілмек

1037

Бұл мәселе Парламент қабырғасында талқылануда. 

Мемлекеттік қызметкерлерге смартфондарды пайдалануға рұқсат етілмек

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнында смартфондарды пайдалануға рұқсат беру жоспарлануда. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлімдеді.

"Бұған байланысты қаулы қазіргі кезде үкімет қабырғасында талқылануда. Бұл сұрақты барлық уәкілетті органдар мақұлдады. Содан кейін үкімет талқысына түсті. Енді ол үкіметтің кезекті отырысында шешілмек. Біз қараша айында рұқсат беріледі деп үміттенеміз. Яғни, барлық мемлекеттік қызметкерлерге смартфондарды қайтаруымыз керек. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасы",– деді Абылайхан Оспанов.

Сонымен қатар вице-министр мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі туралы да атап өтті.

"Кез келген  мемлекеттік қызметкер өзінің жұмысы барысында алатын ақпараттарға жауапты. Ал бұл мәліметтерді таратқаны үшін ол заң алдында жауап береді",– деді Абылайхан Оспанов.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздегі мемлекеттік қызметкерлерге 2016 жылдың наурыз айында смартфондарды пайдалануға тыйым салынған болатын. Оның орнына баптаулары жоқ ұялы телефондарды пайдалануға рұқсат берілді. Бұл шара қызметтік ақпараттардың жиі таралып кету фактілеріне байланысты қабылданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу