Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өседі

3692

Президент тапсырмасына сәйкес, іс-шаралар жоспары жасалмақ.

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өседі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов мемлекеттік қызметшілердің қосымша жұмыс істеп, қаржы табу мүмкіндігіне қатысты пікірін білдірді.

"Мемлекеттік қызметші өзінің тікелей міндетімен ғана айналысуға тиіс. Ол тек мемлекетті, халықтың әл-ауқатын ғана ойлауы керек. Басқа істер жайлы ойламауы үшін әлеуметтік пакет жайлы айтып жатырмыз. Әрине, мемқызметкердің жалақысы жоғары болуы керек. Мемлекеттік қызметші тек педагогикалық немесе шығармашылық жұмыстан басқа табыс табатын іспен айналысуына мүлдем болмайды", – деді ол.

Марат Дәуешов әлеуметтік пакет қашан енгізілетіні жөнінде айтып өтті.

"Әлеуметтік пакетті енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Президент осындай тапсырма берді. Сол себепті тездетіп, мемлекет басшысының тапсырмасын уақытылы, сапалы әрі нәтижелі орындауға бар күшімізді саламыз. Алайда нақты уақыты әлі белгіленген жоқ. Үкіметте, Президент әкімшілігінде осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған қатысты іс-шараларды атқару жоспары жасалады", – деді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары өзінің айлық жалақысы қанша екенін айтты.

"Менің жалақым 700 мың теңге көлемінде. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру туралы Президенттің тапсырмасы бар. Атқарушы деңгейдегі қызметкерлерге көбірек басымдық береміз. Қазір мемқызметкерлерге факторлық-баллдық жалақы төлеудің пилоттық жобасы қолға алынды. Атқарушы корпустың жалақысы айтарлықтай өсті. Пилоттық жоба биыл да жалғасады. Жоба аяқталғаннан кейін, ол жүйені ҚР барлық мемлекеттік қызмет саласына тарату жөнінде сәйкесінше шешім қабылданады", – деді жоғары лауазым иесі.

Марат Дәуешовтың айтуынша, қазір еліміздегі 90 мыңдай мемлекеттік қызметкер бар. Олардың саны биыл 5%-ға қысқарады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу