Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеміз

774

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары 10 бағытты қамтиды.

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеміз

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мемлекет басшысының биылғы жолдауын іске асыру үшін Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қабылданғанын мәлімдеді. 

Министрдің мәлімдеуінше, 10 бағытты қамтитын  құжат 143 іс-шарадан тұрады. 

"Бірінші бағыт: "Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі". Осы арқылы мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жоспарланған. Тиімді кадр саясаты мен шешім қабылдау жүйесі қамтамасыз ету көзделген. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылады", – деді Руслан Дәленов. 

Оның сөзінше, мемлекет экономикаға араласуын азайтуға басымдық беру ісін жалғастырады. 

"Екінші бағыт: "Жаңа жағдайдағы экономикалық даму". Бұл бағыттың негізгі басымдығы – өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандық қамту үлесі ұлғайту. Алдағы уақытта агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылады. Елдің көлік-транзит секторын белсенді дамыту жалғасады. Шағын және орта бизнесті, оның ішінде экономиканың зардап шеккен секторларын қолдау және дамыту жалғасады. Ақша-кредит саясаты маңызды ынталандырушы рөл атқарады. Салық міндеттемелерін орындауды оңайлату және көлеңкелі экономиканы азайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл бағытта барлығы 42 іс-шара іске асырылады", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу