Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызын электронды форматта алуға болады

889

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Қызылорда және Қостанай облыстарында халықтың цифрлық сауатталығы жоғары.

Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызын электронды форматта алуға болады

Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды форматта көрсетіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясы әлемде цифрландыру қарқынын жеделдеткен. Нәтижесінде әртүрлі ұйымдар халыққа қашықтан қызмет көрсете бастаған.

Қазақстанда көптеген мемлекеттік қызмет онлайн-режимге ауыстырылды. 2020 жылы елде автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер саны 83%-ға дейін өсті. Бүгінде министрліктер көрсететін қызметтердің 90%-дан астамын электронды форматта алуға болады. 

Елде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен оңтайландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Саладағы жұмыстар "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. 

Онлайн қызмет көрсететін мемлекеттің ұйымдардың бірі – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры. Онда қызметтердің 90%-дан астамы толық автоматтандырылған. 2021 жылғы 1 қазанда БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 11,5 млн-ға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5%-ға артық.

5 жылда ЖЗШ саны 16,4%-ға өскен. Биыл салымдардың барлық түрі бойынша көрсеткіштің өсуі байқалады. ЖЗШ санының ең көп өсуі ерікті зейнетақы жарналары сегментінде байқалды (бір жылда плюс 25,9%). Кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (ЖЗШ санына 5,2%-ға өскен) және міндетті зейнетақы жарналарының (+0,2%) өсуі тіркелді.

2021 жылғы 9 айда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға 30,3 млн қызмет көрсеткен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8%-ға артық. Оның ішінде 73,2% немесе 22,2 млн қызмет электронды форматта көрсетілген. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдылығы 71,2%-ға өсті.

Сонымен қатар қазақстандықтардың цифрлық сауаттылығы жыл сайын артуда. Дербес компьютерді, смартфонды, планшетті немесе ноутбукті пайдалану дағдыларын меңгерген, сондай-ақ стандартты бағдарламаларды пайдаланатын және интернет арқылы қызметтер мен сервистерді алатын пайдаланушылардың үлесі 2019 жылғы 79,9%-ға, 2020 жылы 82%-ға өскен.

Өңірлер арасында халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейі бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, әрі Алматы, Қызылорда және Қостанай облыстары алда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу