Мемлекеттік сатып алу саласында 26 мың заң бұзушылық анықталды

742

Биылғы жылдың 5 айында 5,3 трлн теңгеден астам сомаға 328,5 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. 

Мемлекеттік сатып алу саласында 26 мың заң бұзушылық анықталды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тексеру қорытындылары бойынша 26 145 рәсімнің бұзушылықтары анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберді. 957 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен шамамен 1,9 трлн теңге бюджет қаражаты қамтылды", – деді министр. 

Осылайша, биыл 80 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. 

"Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 71 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 817 ұсыным берілді", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу