Мемлекеттік сатып алу заңына енгізілген өзгерістер күшіне енді

977

2021 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекеттік сатып алу заңына енгізілген өзгерістер күшіне енді

Мемлекеттік кірістер комитеті аталған өзгерістердің нені білдіретінін түсіндірді.

"Әлеуетті өнім жеткізушілер қосымша салық есептілігін ұсынған және олардың қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің және (немесе) төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеген жағдайда Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін веб-порталда жаңарту енгізу мүмкіндігі алынып тасталды", - деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.

Қағиданың аталған тармағы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №863 бұйрығымен алынып тасталған, ол 2021 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енген.

"Осыған байланысты қағиданың 447-2 тармағына сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтері веб-порталда қолдану жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылады, яғни 2020 жылғы мәліметтер 2021 жылғы 1 қазаннан веб-порталға кешіктірілмей енгізілуі шарт", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу