Мемлекеттік сатып алуда қомақты сомаға қаржылық бұзушылық анықталды

810

Ведомство басшысы 2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы республикалық бюджеттің орындалуы туралы баяндады. 

Мемлекеттік сатып алуда қомақты сомаға қаржылық бұзушылық анықталды

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылдың басынан бері мемлекеттік сатып алуда 23 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министр биыл 2 айда камералдық бақылау барысында 2,3 трлн теңгеге 213 мыңнан аса мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылғанын атап өтті.

"Тексерулердің қорытындысы бойынша 6 153 рәсім бойынша заң бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы 5 600 хабарламаны орындады", деді Ерұлан Жамаубаев.

Ол 491 аудиторлық іс-шаралар өткізілгенін, аудитпен 237 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылғанын айтты.

"23 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындаумен қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша 12 млрд теңгеге заң бұзушылықтар жойылды", – деді министр.

Ерұлан Жамаубаев аудит нысандары қызметінің тиімділігін жетілдіру үшін 395 ұсыным берілгенін жеткізді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу