Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдармен 42 әлеуметтік жобаны жүзеге асырады, деп хабарлады орталық.
"11 бағыт бойынша 42 әлеуметтік жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. Гранттар биылғы жылдың соңына дейін жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, байқау қорытындысы 14 наурызда белгілі болды.
Гранттық әдіс жобаларға туындының тиімділігі мен сапасына орай демпинг мақсатында бюджетті қысқартусыз байқауды жеңіп алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік тапсырыстардан бір айырмашылығы, гранттың 10%-ын үкіметтік емес ұйымдар материалдық-теxникалық базаны кеңейтуге, ғимаратты жалдауға, коммуналдық төлемдерді өтеуге жұмсай алады.
Сонымен қатар байқау барысында өтініштің сапалық маңызы бірінші орында болады. Бұрын мемлекеттік тапсырыс барысында өтініштердің бағасы негізге алынатын.
Гранттарды жүзеге асыру жұмыстары ресми сайтта үнемі жарияланып тұрады.
Айта кетейік, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ 2016 жылдың ақпанында құрылды. Оның басты мақсаты мемлекеттік гранттарды үкіметтік емес ұйым мен оларды орындау сапасы арасында бөлу.
КЕАҚ дербес түрде жеңімпаздарды анықтамайды, онымен сарапшылық комиссия айналысады. Биыл 556 млн теңге бөлінді, алайда сарапшылық компания 5 грант өтінімінің сапасыздығына орай оларды үйлестіруден бас тартты.