"Мен – чемпионмын" жобасына кімдер қатыса алады?

513

Жарысқа 1 млн оқушыны қатыстыру жоспарланған. 

"Мен – чемпионмын" жобасына кімдер қатыса алады?

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Тастанбек Есентаев "Мен – чемпионмын" жобасы туралы сөз қозғады. Жыл сайын ұйымдастырылатын спорттық жарыс келесі жылы республикалық масштабта өткізілмек. Спорттық доданың финалы отандық телеарналардың бірінен көрсетіледі. 

"Балалар спорттық жобасына 12-14 жастағы оқушылар қатысады. Бастапқыда мектептердің ішінде үздіктер анықталып, кейін аудан, облыс орталықтарында мықтылар іріктеледі. Ақтық жарыс "Хабар" телеарнасынан көрсетіледі. Жобаға республика бойынша 1 млн оқушыны қатыстырамыз деп жоспарлап отырмыз", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу