Мен Канелоны оп-оңай жеңе аламын – Жәнібек Әлімханұлы

847

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Сауль "Канело" Альваресті тағы да жекпе-жекке шақырды.

Мен Канелоны оп-оңай жеңе аламын – Жәнібек Әлімханұлы

Қазақстандық боксшы "Канелоны" еш қиналмай жеңетіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат боксшының твиттеріне сілтеме жасап.  

"Егер сіз Канелоны ешкім жеңе алмайды деп ойласаңыз, онда сіз қатты қателесесіз. Мен оны оп-оңай жеңе аламын. 2021 жылды QAZAQ style vs MEXICAN STYLE жасайық", – деп жазды Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы "Әлемге жаңа чемпион, жаңадан көретін боксшы керек!" деп мәлімдеме жасаған еді. Ол орташа дивизиондағы басқа чемпиондар Джермалл Чарло, Сауль "Канело" Альварес жәнен Деметриус Андрадеге бірнеше рет үндеу жіберген.

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO Global чемпионы. Соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізген. Ол кезде аргентиналық боксшы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу