Мен отыз жыл бойы соғысқа дайындалып келемін - Лукашенко

918

Беларусь басшысы Ресейдегі жағдайға байланысты түсініктеме беріп, өз еліндегі азаматтарға ескертті жасады. 

Мен отыз жыл бойы соғысқа дайындалып келемін - Лукашенко Фото: РБК

Бейбіт өмір - күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Бұл туралы генералдарға погон тапсыру рәсімінде Беларусь Президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазіргі белорустар бейбіт заманда өмір сүріп жатыр. Бірақ әскери адамдар ретінде біз бейбіт өмір күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі екенін жақсы білеміз", - деді ол.

Сонымен бірге, ол "егер елде себеп-салдарсыз түрлі-түсті революциялар болмайтынын" еске салды.

"Сіздердің барлығыңыз менің атыма түскен талай сөгістерді естіп жатқан боларсыздар, мейлі, мен 30 жыл бойы соғысқа дайындалып жүргенімді бірі білер, бірі білмес. Сондықтан біз бүгін бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз", - деп атап өтті Беларусь көшбасшысы.

Сонымен қатар, Лукашенко Ресейде болған жағдайға қатты қынжылатынын жеткізді, сондықтан өз елінде мұндай бүлікшіліктің алдын-алу керектігін ескертті.

"Мен жасырмаймын, Ресейдің оңтүстігінде болған оқиғаларды көру маған ауыр тиді. Маған ғана емес. Жалпы біздің азаматтар үшін мұны қабылдау қиынға түсті. Себебі Отан бір. Беларусьтің осы жағдайды шешудегі рөлін ескере отырып, осы шеңберде не болғаны туралы бірнеше сөз айтып, біздің ұстанымымыз бен қабылданған шешімдерімізді түсіндіруіміз керек. Әсіресе, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған қауесеттерден кейін үнсіз қалу дұрыс болмас. Ресейдегі жағдайды пайдаланып, біздікілерде қимылдай бастапты, тіпті, үндеулері мен жоспарларын жариялаған көрінеді. Бізде де тағы бір көтеріліс жасамақ ойлары бар екен, оларға айтарым: әскерді толық жауынгерлік дайындыққа келтіру туралы барлық бұйрықтар берілді", - деді Лукашенко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу