"Мен үшін жақсы адам болдыңыз": Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың қазасына көңіл айтты

2140

 Әнші Instagram желісінде жазба қалдырды.

"Мен үшін жақсы адам болдыңыз": Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың қазасына көңіл айтты Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың қазасына орай Назарбаевтар әулетіне көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қош болыңыз, Болат аға! Біліп-білмей істеген күнәләріңізді Алла кешірсін, сіз мен үшін жақсы адам болдыңыз", делінген жазбада.

Алайда әнші жазбаның астында пікір қалдыратын орынды жауып қойған. 

Еске сала кетейік, кеше, 13 қарашада Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев ұзаққа созылған аурудан көз жұмды. Бүгін марқұмды жұртшылық ақтық сапарға шығарып салды. Оның жаназа намазына ағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, көпшілік алдында інісі туралы жылы естеліктерімен бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу