"Мені іздемеңдер, бір күні қайтып келемін": Абай облысында 9 жасар бала ата-анасына пранк жасаған

360

Мақаншы ауданында мектеп оқушысы түсте сабаққа кетіп, үйіне қайта оралмаған.    

"Мені іздемеңдер, бір күні қайтып келемін": Абай облысында 9 жасар бала ата-анасына пранк жасаған Фото: polisia.kz

Оқушы сабақтан кешіккен соң анасы ұлын өздігінен іздей бастаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шамамен сағат 20:30-да үйдің маңынан "Мама, папа, мені іздемеңдер, бір күні қайтып келемін" деген жазбаны тауып алған. Осыдан кейін туыстары дереу полицияға хабарласқан.

Оқиға орнына келген полицейлер бірнеше топқа бөлініп, аулалар мен жақын маңдағы аумақтарды тексеруге кіріскен. Арада 10 минут өткенде бала өз үйінің ауласындағы шаруашылық құрылыстан өзі шыққан.

Белгілі болғандай, ол мектептен кейін үйіне келіп, сол жерге тығылып, ұйықтап қалған. Бала полицей көліктерінің сиренасының дауысынан оянған. Тоңып қалған әрі қорыққан оқушы бірден анасына барған. Ол ата-анасына "пранк" жасағысы келгенін түсіндірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу