"Мені қорғаңызшы!": Әнару Құрманәлі тағы да жұртты шошытатын мәлімдеме жасады

Тура 1 жыл бұрын "боксшы Жанқош Тұрар зорлады" деп шу шығарған ару бүгін оқырмандарын тағы алаңдатып қойды. 

"Мені қорғаңызшы!": Әнару Құрманәлі тағы да жұртты шошытатын мәлімдеме жасады Фото: коллаж

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялап, танымал адамдардан көмек сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– 1 жыл бұрын жол апатына түскендегі түрім осындай болатын. Жәй ғана таксиге отырып, үйіме бара жатқан кезім еді. Менің бұндай қорлықтарым көп. Мен – Қалдыбек Құрманәлінің (сазгер) тұңғыш қызымын. Бірақ, осындай аласапыранда өмір сүріп жатырмын. Менде мұндай суреттер өте көп. Бір адамнан көрген қорлығымның да суреттері мен видеолары бар. Егер қаласаңыздар, осы жерге біртіндеп бәрін жүктеймін, – деп жазды Әнару Құрманәлі. 

Ол өз жазбасында анасы бар кезде ешқандай қиындық көрмегенін және көрмейтінін жеткізген.

Бұған дейін сазгер Қалдыбек Құрманәлі Әнарудың жағдайына қатысты пікір білдіріп, "қызымды ақтық демім қалғанша қорғаймын" деп мәлімдеген еді.

– Анам тірі болғанда бір тал шашым да түспеуші еді. Ол өмірден өткелі осындай күйге жеттім. Әке, мені қорғайтыныңыз қайда?! Жанқоштан бастап, барлығына жемтік етіп қойдыңыз. Айнұр әпке (Тұрсынбаеваны айтады) мені қорғаңызшы! Мен соңында барлық дәлелді жариялап, өзімді өлтіремін. Басқа амалым қалмады. 7 жыл бойы мен осы адамнан қорлық көрдім. Мені барлық жағымнан қорлап, бопсалап, қорқытып ұстап келеді. "Жетім" деп басыма мінді. Әйелі екіқабат болған екен, мен пәкпін, баламын. Оның үйлі екенін де білмей, сеніп араласқан едім. Сөйтсем, бұл адам әйелі қыз туғаннан кейін маған көңіл бөліп, мені маңайлап жүр екен ғой. Араласа келе қалай оның зорлығына тап болғанымды түсінбей қалдым. Осы адамға жолыққаннан бері өмірім құлдырап кетті, – деп жазбасын жалғастырды ол. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу