"Менің бауырым!": АҚШ елшісі Нұрлан имамның үйінде қонақ болды

586

​АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт қызы Амелиямен бірге Нұрлан имамның үйінде қонақ болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Менің бауырым!": АҚШ елшісі Нұрлан имамның үйінде қонақ болды Фото: бейнежазбадан

Елші мен оның қызын Нұрлан имам қарсы алып, қазақтың "төр көрсету" дәстүрімен таныстырған.

АҚШ елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында қонақжайлық үшін алғыс білдірді.

"Елші Стаффт пен оның қызы Амелияны қарсы алып, қазақ халқының жылулығын, қонақжайлығын және бай мәдениетін көрсететін тамаша дәстүр – төр көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамыз", – делінген жазбада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу