"Менің жұбайым жай ғана батыр емес еді": Марқұм фельшердің жұбайы тағы да жантебірентерлік жазба жариялады

Астанада үстіне кондиционер құлап, көз жұмған фельдшердің оқиғасы қоғамда көп талқыланды. 

"Менің жұбайым жай ғана батыр емес еді": Марқұм фельшердің жұбайы тағы да жантебірентерлік жазба жариялады Фото: @zeineladilet

Марқұмның күйеуі Әділет Ғанибекұлы әлеуметтік желіде келіншегін тағы да есіне алып, жазба арнады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Менің жұбайым жай ғана батыр емес еді. 

Ол – менің ғаламым, бауырлары мен сіңлілеріне тірек, ата-анасына мақтаныш пен қуаныш, айналасындағы адамдарға шынайы бақыт болды. 

Ол – біздің үйіміздің жылуы, нұры, жүрегі еді. 

Өкінішке қарай, оның өмірі үзілді... Бірақ оның жарығы сөнген жоқ. 

Ол – құтқарып қалған жандардың жүрегінде, еске алып, сағынышпен дұға еткендердің жүрегінде мәңгілікке сақталады. 

Ол – өзінен кейін өшпейтін із қалдырды, жарының, отбасының, жақындарының, оны таныған әр жанның жүрегінде. 

Сен әрқашан жүрегіміздесің, жаным... – деп жазды Әділет Ғанибекұлы. 

Астанада көз жұмған фельдшердің күйеуі бұған дейін де сүйіктісіне жүректі қан жылататын жазба арнаған еді. 

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан фельдшерді "Ерлігі үшін" медалімен марапаттаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу