Mercedes-Benz Дубайда элиталы тұрғын үй салғалы жатыр

84

Жоба жергілікті ірі девелопер Binghatti Developers компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Mercedes-Benz Дубайда элиталы тұрғын үй салғалы жатыр Фото: gulftoday

Жаңа кешен Mercedes-Benz Places деп аталады және люкс санатындағы тұрғын үйлерден тұрады.

Жоба аясында заманауи архитектура, жоғары деңгейдегі жайлылық пен премиум сервистер ұсынылады. Кешенде тұрғын үйлермен қатар демалыс аймақтары, инфрақұрылым нысандары және қоғамдық кеңістіктер қарастырылған.

Айта кету керек, Mercedes-Benz компаниясы құрылыс жұмыстарын тікелей жүргізбейді. Автоконцерн бұл жобаға өз бренді, дизайны мен стильдік тұжырымдамасын береді. Ал құрылыс пен іске асыру жұмыстарына Binghatti Developers жауапты.

Мұндай брендтік тұрғын үй жобалары әлемде бұрыннан бар тәжірибе. Олар автомобиль, сән және люкс брендтердің жылжымайтын мүлік нарығына шығуын білдіреді.

Сарапшылардың пікірінше, Mercedes-Benz атауы кешеннің нарықтағы тартымдылығын арттырып, оны премиум сегменттегі ерекше жобалардың біріне айналдырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу