Мердігер мекеменің шалалығынан мектеп мұғалімдері еден жамап жүр

1059

Атырауда мектептің еденін жамап жатқан мектеп мұғалімдерінің суреттері әлеуметтік желіде жарияланды. Белгілі болғандай, олар мердігер мекеменің шала-парпы жасап кеткен жұмыстарын қайтадан жөндеп жатыр екен, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Мердігер мекеменің шалалығынан мектеп мұғалімдері еден жамап жүр

"Қазіргі күні "педагогтарды кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартты" деген жазбаға сәйкес, М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектебінің директорына тәртіптік шара қолданылды", - деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі. 

Дегенмен, мәселенің мәнісі тереңде жатыр. 2020 жылы бұл мектепке "Декор" ЖШС мердігер мекемесі мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша келісімшарт бойынша күрделі жөндеу жүргізген. Ресми емес дерек көздерінің мәліметіне сүйенсек, білім ошағын күрделі жөндеуге 400 млн теңге бөлінген, алайда, құрылыс материалдары мен есіктердің ең арзандары сатып алынған, ал мұғалімдер қуыс-тесігін бітеп жатқан спорт залының ағаш едені ауыстырылып, боялып қойған.  

Қазіргі күні күрделі жөндеу кезіндегі дұрыс жасалмаған жұмыстарды кепілдік мерзімі ішінде қалпына келтіру туралы мердігер мекемеге хат жолданған. Білім мекемесін ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеруде.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу