Мердігерлер салып жатқанына бір жыл болған жер үсті өткелін келер айда аяқтауға уәде берді

988

Өскемен әкімі Жақсылық Омар құрылысты ұзаққа созған компаниямен соттасу уақыт алады дейді

Мердігерлер салып жатқанына бір жыл болған жер үсті өткелін келер айда аяқтауға уәде берді

Өскемен әкімі Спорт сарайының алдынға жер үсті жаяу жүргінші жолы жайында сөз қозғады. Жақсылық Омардың айтуынша, нысан қазан айының аяғында қолданысқа беріледі, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Айта кету керек, Абай және Тәуелсіздік даңғылы қиылысындағы аталмыш құрылыс бір жылдан бері қала тұрғындарына қолайсыздық тудырып келеді. Енді өскемендіктер бір ай шыдаса, жеткілікті. Қала басшысы бас мердігердің жұмыс белсенділігін барынша арттырғанын айтып отыр.

"Біз алматылық мамандардың жобасымен "Мостостроительный отряд №25" бас мердігерін жұмысқа тарттық. Біздің жұмыс жасаушылармен соттасуымызға болар еді. Бірақ олай етсек, тек уақыттан ұтыламыз. Мердігерлер қазан айының аяғына дейін құрылысты аяқтауға уәде етті", – деді Жақсылық Омар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу