"Мерейлі отбасы-2022" конкурсының өңірлік кезеңіне 2 542 отбасы қатысты

734

Ұлттық конкурстың өңірлік кезеңі аяқталды.

"Мерейлі отбасы-2022" конкурсының өңірлік кезеңіне 2 542 отбасы қатысты

Әр өңірден, оның ішінде жаңадан құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан 20 жеңімпаз отбасы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, ұлттық конкурсқа қатысқан 2 542 отбасының 932-сі қалада, 1 610-ы аудан және ауылда тұрады.

Сонымен қатар 1 166 отбасы көпбалалы болса, 501-і ерлі-зайыптылардың ішінде жасы 29-ға толмаған екі жұп бар. Байқауда еңбек әулеттері, спортшылар, мұғалімдер, кәсіпкерлер, т.б. отбасылар бақ сынады.

Тамыз айының соңында "Хабар" телеарнасында жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар топтамасы шығады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу