Мереке күндері 100 қосымша әуе рейсі ашылады

107

Қазақстанда мерекелік кезеңде жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша әуе рейстері іске қосылады.  

Мереке күндері 100 қосымша әуе рейсі ашылады Фото: zorknews.kz

Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жиынға Air Astana, FlyArystan, SCAT, VietJet Qazaqstan әуе компанияларының, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары әуежайларының басшылығы қатысты.

Мерекелік күндері жолаушылар сұранысын толық қамтамасыз ету мақсатында Астана – Алматы, Алматы – Орал, Алматы – Семей, Астана – Түркістан, Астана – Ақтөбе, Алматы – Ақтау, Алматы – Ақтөбе және Астана – Шымкент бағыттары бойынша барлығы 100 қосымша рейс ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша мынадай тапсырмалар берілді:

  1. Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің авиациялық инспекторларына мерекелік күндері мониторингтік топтар құрып, жолаушылардың құқықтарын қорғау және рейстердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Астана және Алматы қалаларындағы ірі әуежайларда болу тапсырылды.
  2. Әуе компаниялары мен әуежайларға:
  • үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін әуе кемелерінің резервін және қосымша жерүсті техникасын қарастыру;
  • персонал құрамын тәжірибелі мамандармен күшейтіп, рейстер кешіктірілген жағдайда жолаушыларға қызмет көрсету аясында ыстық тамақ пен сусындардың берілуін қамтамасыз ету;
  • рейстердің кешігуі жағдайында жолаушыларды ресми сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар, әуежайлардағы ақпараттық таблолар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жедел хабардар ету.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу