Мереке күндері Астанада қоғамдық көліктердің саны артады

709

Мереке күндері Астанада қоғамдық көліктердің саны артады

Жаңа жылдық мейрам күндері мерекелік шаралар өткізілетін алаңдарға Астана тұрғындары мен қонақтардың еш қиындықсыз және ыңғайлы жетуіне сапалы қызмет көрсету мақсатында қала әкімдігі кей бағыттарда қоғамдық көлік санын арттырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

"Негізінен 30-31 желтоқсан күндері мына бағыттар бойынша автобустар саны артады: № 2,5,7,8,9,10,12,19,31,33,37,40,51,71; ал 2018 жылдың 2 қаңтарында мына бағыттар бойынша: № 9,10,12,31,37,40,51", деп хабарлады "Астана LRT".

Осы бағыттар Жаңа жылдық шаралар өткізілетін сауда орындары, мұз айдыны, мәдени ошақтар және басқада нысандарға қатынайтын болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу