Жаңа жылдық мерекеде Астанадағы емханалар күшейтілген режимде жұмыс істейді

217

Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.

Жаңа жылдық мерекеде Астанадағы емханалар күшейтілген режимде жұмыс істейді Фото: gov.kz

Астанада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 42 ұйым жұмыс істейді. Амбулаториялық-емханалық мекемелерде жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, орта буын медицина қызметкерлері мен әкімші мамандардың кезекшілік кестелері бекітілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Демалыс және мереке күндері шұғыл жағдайдағы науқастарды қабылдау, медициналық тексеру жүргізу, рецепт жазу және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын ұзарту қызметі көрсетіледі.

Емханалардағы фильтр-кабинеттер бекітілген кестеге сәйкес күн сайын сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Шұғыл медициналық көмек көрсету кабинеттерінің қызметі толық көлемде ұйымдастырылады", – делінген хабарламада.

Ал стационарлардың қабылдау бөлімдері тәулік бойы жұмыс істейді. Бейінді мамандардың, орта медициналық персоналдың, сондай-ақ диагностикалық қызмет көрсететін мамандардың да (зертхана, сәулелік диагностика) кезекшілік тәртібі бекітіледі.

Тұрғындар тарапынан медициналық көмекке жүгіну саны артқан жағдайда медицина қызметкерлерінің резервтік бригадалары да алдын ала жасақталған.

"Жедел медициналық жәрдем мен шұғыл әрекет ету қызметтері де қалыпты жұмыс ырғағына сай тәулік бойы қызмет көрсетеді. Емханалар, стационарлардың қабылдау бөлімдері және жедел жәрдем қызметі арасында өзара байланыс қамтамасыз етілген. Мереке күндері медициналық ұйымдардың жұмысы тәулік бойы бақылауда болады", – делінген Астана қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу