Мереке күндері жедел жәрдем бригадалары 23 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетті

1825

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, науқастарға барудың басым бөлігі Алматы қаласында, Түркістан, Алматы облыстарында және Астанада тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мереке күндері жедел жәрдем бригадалары 23 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетті Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Төтенше жағдайлар құрылымында аурулардан басқа, үйде босану, жол-көлік оқиғалары, өрт, улану және көп қабатты үйлерден құлау кезінде алғашқы көмек көрсетілді.

Ұлттық шұғыл медицина орталығының санитариялық авиациясы күштерімен Семей-Үржар бағыты бойынша құрамында реаниматолог пен фельдшер, ал Шымкенттен Шардараға құрамында комбустиолог пен реаниматолог бар 2 ұшу жүзеге асырылды.

Барлық науқастарға облыстық стационарларда білікті медициналық көмек көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу