Мешіт жамағатын тонап жүрген 23 жасар жігіт ұсталды

523

Қылмыс жасағаны үшін сотты болған. 

Мешіт жамағатын тонап жүрген 23 жасар жігіт ұсталды

1999 жылы туған А. есімді азамат мешітке келіп, ұйықтап жатқан адамды көріп, үн-түнсіз қалтасынан құнды дүниенің бәрін суырып алып отырған, деп жазады inbusiness.kz Алматы қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

 "Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің кезекші бөліміне мешіт аумағында ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті.  Күдікті сол күні ұсталды.  Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған", – дейді Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу