"Мешітте азаншы емес": Бас имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады

474

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген, жалған ақпарат таратпауды ескертеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мешітте азаншы емес": Бас имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы, Шардара ауданында әкесін ұрған азаматтың "мешіттің азаншысы" екені жөнінде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл жағдайға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы және Түркістан-Ахмет Яссауи мешітінің бас имамы Ержан Төлепов ресми түсініктеме берді.

"Аталған азамат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты дін қызметкері емес. Ол мешітте ешқашан азан айтып, ресми діни қызмет атқармаған. Дін саласына қатысы жоқ, негізгі кәсібі – мәдениет саласы, қосымша той жүргізушісі (тамада) болған", – деді бас имам.

Сонымен қатар, ҚМДБ мұндай әрекеттерді қатаң айыптайтынын жеткізді.

"Ата-анаға құрмет – әрбір мұсылманның басты міндеті. Сондықтан қоғамды, әсіресе БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", – делінген мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу