Мешіттер ашылғанымен, Қадір түнін үйде қарсы алу керек – ҚМДБ

949

Биыл Қадыр түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келеді.

Мешіттер ашылғанымен, Қадір түнін үйде қарсы алу керек  – ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл Қадыр түнін мешітте қарсы алуға шектеу қойылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Осы ретте биыл Қадыр түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келеді. Бұл түнді үйде қарсы алу керектігін баса айтқым келеді. Мешіттеріміз ашылғанымен, күндіз таңғы сағат жетіден кешкі сағат сегізге дейін ашық болады. Жоғарыда атап өткенімдей, елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ", – деді Бас мүфти ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 18 мамырдан бастап мешітке келетін жамағатқа үндеу тастаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу