Месси 2022 жылдың үздік ойыншысы атанды

488

FIFA Football Awards 2022 марапаттау рәсімі Парижде өтті. 

Месси 2022 жылдың үздік ойыншысы атанды Фото: en.trend.az

Аргентина құрамасының капитаны Леонель Месси 2022 жылдың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Сондай-ақ аргентиналық Эмилиано Мартинес үздік қақпашы атанды.

FIFA Fair Play Award сыйлығы – бүкіл әлемде футболда адал ойын және жанашырлық рухын насихаттайтын үлгілі мінез-құлық үшін федерацияның марапаты грузин қорғаушысы Лука Лочошвилиге берілді.

Парафутболшы Марчин Олекси маусымның ең әдемі голының авторы деп танылса, "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Алексиа Путеллас үздік әйел ойыншы атанды. "Үздік жанкүйерлер" жүлдесі де Аргентинаға бұйырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу