Meta 756 мыңға жуық аустралиялық жасөспірімнің аккаунтын бұғаттап тастады

160

Аккаунты бұғатталған қолданушыларға кейін жаңа аккаунт ашуға да мүмкіндік жоқ.      

Meta 756 мыңға жуық аустралиялық жасөспірімнің аккаунтын бұғаттап тастады Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Meta корпорациясы 16 жасқа толмаған аустралиялықтарға тиесілі болуы мүмкін 756 мыңға жуық аккаунтты бұғаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Өткен жылдың желтоқсанында Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған әлемдегі алғашқы ел болды. Алайда жасөспірімдердің шамамен 70 пайызы әлеуметтік желідегі аккаунттарына кіру мүмкіндігін сақтап қалған.

Енді Meta кәмелетке толмаған қолданушыларды анықтау үшін жасанды интеллектіні пайдаланып жатыр. Жүйе жарияланымдарды, мектептегі бағалар туралы жазбаларды, тіпті туған күнді атап өтуге қатысты хабарламаларды да талдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу