Meta компаниясы 8 мың қызметкерді жұмыстан шығарды

119

Алпауыт компания жасанды интеллект бағытына басымдық беріп, құрылымын өзгертіп жатыр.  

Meta компаниясы 8 мың қызметкерді жұмыстан шығарды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Компания 8 мың қызметкерін жұмыстан шығарып, тағы 7 мың адамды жаңа жасанды интеллект бағытындағы бөлімшелерге ауыстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар Цукербергтің басқаруындағы компания ішкі құрылымда ЖИ негізінде жұмыс істейтін өнімдер мен сервистерді әзірлеуге арналған 4 жаңа бағыт құрған. Компания қызметкерлеріне 20 мамыр күні үйден жұмыс істеу ұсынылып, кадрлық шешімдер туралы хаттарды күту тапсырылған. Бірқатар ауыстырулар алдын ала жүзеге асқан.

Meta негізін қалаушы Марк Цукерберг жасанды интеллекттіні "бүгінгі заманның ең маңызды технологиясы" деп атап, осы салада көшбасшы компаниялар келешек индустрияның бағытын айқындайтынын мәлімдеді.

Қайта құрылымдау процесі сәуір айында басталған жаппай қысқарту шараларының жалғасы болып отыр. Ол кезде компания 8 мың қызметкерді қысқартып, қосымша 6 мың бос жұмыс орнын тоқтататынын хабарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу