Meta Verified іске қосылды

491

Метаның бас директоры Марк Цукерберг Facebook және Instagram әлеуметтік медиа пайдаланушыларына арналған ақылы тексеру қызметі – Meta Verified іске қосылғанын хабарлады.  

Meta Verified іске қосылды Фото: REUTERS

Ол пайдаланушы атының жанында көк құсбелгіні алуға, сондай-ақ басқа қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Марк Цукерберг жаңа функция желі пайдаланушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін айтты.

Жазылым алдымен Австралия мен Жаңа Зеландияда сынақтан өтеді. Болашақта ол басқа елдерге де қолжетімді болады.

АҚШ-та Meta Verified жазылымы сайт арқылы - 11,99 доллар. Ал, iOS қосымшаларында бағасы 15 доллар тұрады.

Қызметті алу үшін 18 жастан асқан пайдаланушылар ресми жеке куәлікті ұсынуы керек. Оның деректері есептік жазбадағы ақпаратқа сәйкес келуі қажет. Тексеруден кейін есептік жазбаның атын, логинін, туған күнін немесе фотосуретін қайтадан тексерусіз өзгертуге болмайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу