Microsoft Exchange Server-ге бір айда 20 мыңдай шабуыл жасалған

715

2021 жылғы тамызда Microsoft Exchange серверіне 19 839 шабуыл жасалған. Шілдемен салыстырғанда мұндай деректер саны 170% артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Microsoft Exchange Server-ге бір айда 20 мыңдай шабуыл жасалған

Сарапшылардың айтуынша, бағдарламада осал тұстар бар, сондықтан көптеген эксплойт пайда болған, ал бағдарламаны орнатқандар патчтар шыққаннан кейін оны бірден жаңартпайды. 

Соңғы жарты жылда әлемде Kaspersky өнімдерінің 74 мыңнан аса пайдаланушысы Microsoft Exchange Server-ге арналған эксплойттарға тап болған.

"Жаздың соңғы айында ТМД елдерінде ProxyShell эксплойттарын қолдана отырып, 4271 шабуылды тіркедік. Бағдарламаға арналған жаңартулар шыққанына қарастамастан онда осалдықтар болуы мүмкін. Бірақ бұл бұрынғымен салыстырғанда қауіпті болуы ықтимал. Себебі олар туралы ақпарат қоғамдық кеңістікте қолжетімді.
Сондықтан патчтардың шығарылымдарын бақылау және бағдарламаны уақытында жаңарту өте маңызды", - деді Kaspersky-дің киберқауіпсіздік жөніндегі маманы Евгений Лопатин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу